Пәні : Дене шынықтыру |
Класс : 3 «А» |
Күні: 16.01.2017 жыл |
Пән мұғалімі : Актайлак Жанибек | ||||||||
Уақыты: | |||||||||||
Тақырыбы:
|
Гимнастика. Акробатикалық жаттығулар. Алға, артқа домалау жаттығулары үйрету. | ||||||||||
Мақсаты:
|
1. Акробатика жаттығулары дененің жан – жақты дамуына ықпал етеді. 2. Акробатикалық жаттығуларды орындату арқылы адам дене мүшелерін өмірде кездесетін қимылдарды жеңе білуге даярлау. Оқу дағдыларын, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Өз ойын еркін айтуға дағдыландыру. Сөздік қорын сөз байлығын молайту. 3. Адамгершілікке, бірін-бірі сыйлауға, ата-ананы құрметтеуге, айтқанын тыңдауға, қамқор жанашыр болуға тәрбиелеу. | ||||||||||
Сілтеме |
Күнтізбелік жоспар, әдістемелік құралдар, журналдар т.б. | ||||||||||
Күтілетін нәтиже: |
Тақырыптың маңыздылығы мен танысады, денесін жаттықтырады, алған білімін өмірде қолдана алады. Өмірімен байланыстырады.Үлкенді құрметтеп, кішіге қамқор болуға тәрбиеленеді. Достыққа қастық қылмайды, досын сыйлай біледі, жанашырлық танытады. | ||||||||||
Әдіс- тәсілдер: |
Сыни тұрғыдан ойлау, жасайтын жаттығуды болжау, миға шабуыл, жұптық, топтық жұмыстар, кері байланыс, бағалау | ||||||||||
Қолданылатын материалдар: |
Суреттер, слайдтар, топтық тапсырмалар, гимнастикалық төсеніш, шығыршықтар, маркерлер, стикерлер, бағалау парақшасы, т.б.
| ||||||||||
Кезендері |
Мұғалімнің іс- әрекеті |
Оқушының іс -әрекеті | |||||||||
І. Ұйымдастыру кезеңі (4-5мин) |
Психологиялық дайындық . Ынтымақтастық атмосферасын құру Мұғалім: — Көз не үшін керек? Оқушы: — Жақсыларды көру үшін. Мұғалім: —Екі құлақ не үшін керек? Оқушы: — Мұқиат тыңдау үшін. Мұғалім: — Екі қол не үшін керек? Оқушы: — Ұстау, тірену үшін. Мұғалім: — Екі аяқ не үшін қажет? Оқушы: — Жүру, жүгіру, секіру, итерілу үшін. Мұғалім: — Дұрыс балалар, олай болса мен сендердің құлақтарың, көздерің, қолдарың мен аяқтарыңа саулық тілеймін. |
Оқушылардың сабаққа деген құлшыныстарын артыру. Бір-бірімен амандасады. Қойылған сұрақтарды қыймылмен қайталай отырып жасайды. Қасындағы балаға сәттілік тілейді Топқа бөліну. Бүгінгі сабағымызды өзгеше өткіземіз. 2 топқа бөліну 1-топ волейбол добы – жеңіл 2-топ– Баскетбол добы -ауыр Өте жақсы қатысқанға жұлдызшалар беріп отырамын | |||||||||
ІІ. Сергіту сәті : (10-12 мин)
|
Орында шеңберде түрып, әуен сүйемелі ( АКТ) арқылы жалпы дамыту жаттығуларын орындау 4. Жалпы дамытатын жаттығулар. 1.Б.қ. қол белде, оңға,солға басты айналдыру. 2.Б.қ. қол иықта,алға,артқа айналдыру. 3.Б.қ.оң қол жоғары, сол қол төмен,оң қолды, сол қолды керу. 4.Б.қ. қол бүгулі кеуде тұста, бүгулі,түзу күйінде артқа керу. 5.Б.қ.қол алда түзу, ішке, сыртқа қарай шынтақтан айналдыру. 6.Б.қ. қол кеуде тұсында қылып,қолдың басын өз бетінше оңға, солға айналдыру. 7.Б.қ. оң қол жоғары, сол қол белде, оңға, солға жантаю. | ||||||||||
Қызығушылықты ояту. |
| ||||||||||
Топқа бөлу: |
|
Оқушылар таңдаған доптарына сай топтарға бөлініп отырады. | |||||||||
ІІІ. Жаңа сабақ (25-30мин) |
Оқулық бойынша жұмыс. Тақырыпқа сай дайындалған ресурстармен постер жасау. 1.Төмен жөмен жүрелеп отырады да, екі аяқты сәл алшақ ұстап, екі тізені екі жаққа жіберіп , екі қолды екі аяқтың сырт жағынан еденге тіреген қалыптан бастйды: денені және қолды бүге отырып, басты еңкейте тізеге тақап, аяқпен сәл демеп аударылып түседі.
Бұл кезде арқа доғаша иіліп, бұлшық еттері қатаяды. Осындай қалыптағы жиырылу аяқтың денені итеру күші жүрелеп отыру қалпына келгенге дейін созылады.
2. Артқа қарай домалап асып түсудегі жүйелілікті шалқадан жатып, қолды иықтан асыра тіреу арқылы артқа серпілуден бастаған дұрыс.
Үйрену жүйесінің келесі кезеңі – жүрелеп отырудан артқа қарай домалап асып түсу арқылы қолды тіреп тізерлеп отыру, домалап асып түсіп, аяқты алшақ қойып тіреп тұру; артқа қарай домалап түсу арқылы қолды тіреп отырғаннан кейін жоғары секіру; артқа қарай қатарынан екі – үш рет домалап асып түсу.
Топпен жұмыс. |
Оқушылар екі жақта топпен жұмыс жасайды.
1. Алға қарай домалап асып түсуді орындаған кезде , мынадай қателіктер жіберілуі мүмкін: а) бастың еденге тиюі; ә) жиырылған денені уақытынан бұрын жазу; б) домалап түсудің бастапқы кезінде қолды алға таман жылжытып жіберу; в) домалап түскеннен кейін аяқты жазып, көсілу.
2. Гимнастика элементтері бар эстафеталық ойындар: «Қай топ жылдам?»
1-Топ Алға аударылып домалап түсудің іс-қимылдарын орындалуын әңгімелеу арқылы қоргаиды
2 -топ Артқа аударылып домалап түсудің іс-қимылдарын орындалуын әңгімелеу арқылы қоргаиды
1. Жеке танысады 3 минут 2. Топта талқылау 3 минут 3. Кластер құру 3 минут 4. (әр топ 2,3,4минуттан қорғау)
| |||||||||
ІV.Рефлексия Оқыған материалды пысықтау |
Ой толғаныс
|
Қай топ жақсы қорғады.
| |||||||||
Қорыту |
Оқушыларды бір сапқа тұрғызу, тыныс жолдарын қалпына келтіру. |
Толық сапқа тұруларын қадағалау | |||||||||
Үй тапсырмасы |
Гимнастика, акробатикалық жаттығулар түрлерін жазып келу. Алға, артқа домалау жаттығулары жасау
|
| |||||||||
Бағалау |
Өте жақсы орындаған баланы анықтау 2 жұлдыз, 1 тілек білдіру Топ басшысының бағалауы. Өзін өзі бағалау парақшасын толтыру
Рақмет, көңіл қойып тыңдағандарыңызға ,сау болыңыздар! Үш шапалақ, қошемет көрсету
|