Мамандықты қалай таңдау керек?
Солардың ішінен ұнамайтындарын сызып тастаңыз. Өзіңізге ұнайтындарының біреуін таңдап, сол мамандық жайлы досыңызға жарнама жасап көріңіз. Мысалы, дәрігер, экономист, сатушы, т.б. Егер дұрыс, жан-жақты сипаттай алмасаңыз, онда бұл мамандық сізге ұнамайды деген сөз. Яғни, бұл әдіс аталған мамандықтың ұнайтын-ұнамайтынын анықтау үшін жасалынады.
Осы мамандық бойынша жұмыс жасап жүргеніңізді толық елестетіңіз:
• Ұнамсыз жақтарына көндігер ме едіңіз? Мәселен, жұмыстан кеш шаршап шығу, аз көлемдегі жалақы немесе жоғарғы жалақы, алайда үнемі іссапарда жүру керек, т.с.с.
• Болашақ отбасыңыз бұған қалай қарар екен?
Сіз оны мамандыққа айналдыра алар ма едіңіз? Оған деген сұранысты қалай арттыруға болады? Мысалы, сурет салуға икеміңіз болса, өзге суретшілерден озық тұру үшін, компьютерде салуға және балалар әдебиетін көркемдеуге үйреніңіз. Себебі балалар әдебиеті үнемі сұранысқа ие.
Мысалы, жас қыздардың көбі модель болуды армандайды. Бұл түсінікті де. Біріншіден, үнемі теледидардан көрсететіндіктен атақ-даңқы жайылады.
Екіншіден, әдемі болып жүреді.
Үшіншіден, дүниежүзін аралайды.
Төртіншіден, жалақысы жоғары.
Алайда бұл мамандықтың да өз қиыншылықтары бар.
Мысалы, сіздің ас пісіруге ебіңіз бар, тіпті ләззат аласыз. Алайда ата-анаңыз қарсы, олар баласының экономист болғанын қалайды. Дегенмен, осы салада білім алсаңыз, кейін мейрамхана ашуыңызға да болады.
Мәселен, балыңыз жеткен оқу орнына бара саласыз. Бірақ өкінішке орай, осындай жолмен түскендер екінші, үшінші курстарда оқудан шығып кетіп жатады.
Ал сіз мамандықты қалай таңдайсыз?