Мемлекетіміздің білім
беру үдерісіне енген жаңартылған білім беру бағдарламасы — заман талабына сай
келешек ұрпақтың сұранысын қанағаттандыратын тың бағдарлама. Қазақстан 2030
стратегиялық бағдарламасы білім берудің ұлттық моделінің қалыптасуымен және
Қазақстанның білім беру жүйесін әлемдік білім беру кеңестігіне кіріктірумен
сипатталады. Қазіргі таңда қазақ тілі-мемлекеттік тіл, қарым-қатынас тілі –
орыс тілі және ағылшын тілі – әлемдік кеңістікті тану тілін оқытуда жаңа
идеяларды әр сабақта жан-жақты қолданып, жаңаша оқытудың тиімді жолдарын тауып, жүйелі түрде
қолдану-заман талабы болып отыр.
Оқытудың парадигмасы өзгерді. Білім берудің мазмұны жаңарып,
жаңаша көзқарас пайда болды. Осыған байланысты ұстаздар алдында оқытудың
әдіс-тәсілдерін үнемі жаңартып отыру және технологияларды меңгеру, оны тиімді
қолдана білу міндеті тұр.
Білім беру бағдарламасының негізгі мақсаты-білім мазмұнының жаңаруымен қатар,
критериалды бағалау жүйесін енгізу және оқытудың әдіс-тәсілдері мен әртүрлі
құралдарын қолданудың тиімділігін арттыруды талап етеді.
Бастауыш сынып пәндеріне арналған оқу бағдарламаларындағы оқу мақсаттары
оқушылардан шынайы проблемаларды анықтап зерттей білуді талап етеді. Негізінен
жаңартылған білім жүйесі құзыреттілікке және сапаға бағытталған бағдарлама.
Жаңартылған білім берудің маңыздылығы – оқушы тұлғасының үйлесімді қолайлы
білім беру ортасын құра отырып сын тұрғысынан ойлау, зерттеу жұмыстарын
жүргізу, тәжірибе жасау, АҚТ –ны қолдану, коммуникативті қарым-қатынасқа түсу,
жеке, жұппен, топта жұмыс жасай білу, функционалды сауаттылықты, шығармашылықты
қолдана білуді және оны тиімді жүзеге асыру үшін қажетті тиімді оқыту
әдіс-тәсілдерді (бірлескен оқу, модельдеу, бағалау жүйесі, бағалаудың тиімді
стратегиялары) курс барысында ұғындық. Жаңартылған білім беру бағдарламасының
ерекшелігі спиральді қағидатпен берілуі. Оған оқу мақсаттары зерделей отыра
тапсырмаларды ықшамсабақтарды құрастыру барысында көз жеткіздік.
Бағалау жүйесі де түбегейлі өзгеріске ұшырап, критериялық бағалау жүйесіне
өтеді. Критериалды бағалау кезінде оқушылардың үлгерімі алдын ала белгіленген
критерийлердің нақты жиынтығымен өлшенеді. Оқушылардың пән бойынша үлгерімі екі
тәсілмен бағаланады: қалыптастырушы бағалау және жиынтық бағалау. Баланың
жан-жақты ізденуіне ынталандырады. Критериялық бағалау жүйесі Филиппин,
Сингапур, Жапония, Франция, Финляндия сынды дамыған елдерде пайдаланылады. Бұл
бағалау жүйесінің артықшылығы, баланың ойлау қабілетін дамытып, ғылыммен айналысуына
ықыласын туғызады. Кеңестік заманнан қалған бес балдық бағалау жүйесі жойылады.
Қалыптастырушы бағалау күнделікті оқыту мен оқу үдерісінің ажырамас бөлігі
болып табылады және тоқсан бойы жүйелі түрде өткізіледі. Қалыптастырушы бағалау
үздіксіз жүргізіле отырып, оқушылар мен мұғалім арасындағы кері байланысты
қамтамасыз етеді және балл не баға қоймастан оқу үдерісін түзетіп отыруға
мүмкіндік береді.
Мысалы:
математика пәні бойынша тапсырма үлгісі
Бөлім |
20-ға дейінгі екі таңбалы сандарды қосу және азайту |
Бөлімще |
Натурал сандар және 0 саны. |
Оқу мақсаты |
Санаудың ірі бірлігі- ондықты құрастыру. 100-ге дейін ондықтармен санау, жазу, салыстыру |
Ойлау дағдыларының деңгейі |
Білу және түсіну |
Бағалау критерийі |
1.Санаудың жаңа бірлігі- ондықты құрастырады 2.100-ге дейін ондықтармен санайды, жазады, салыстырады |
1-тапсырма. Санды жаз: 9+1= 2-тапсырма. Тиісті санды, таңбаны қой 50 30 80 90 |
|
Бағалау критерийі |
Дескриптор |
Білім алушы: | |
Санаудың жаңа бірлігі- ондықты құрастырады. |
-он санын құрастыру -ондық пен бірліктің қатынасын анықтау |
100-ге дейін ондықтармен санайды, жазады |
-ондықтармен санайды, жазады |
Толық ондықтарды салыстырады |
-ондықтарды салыстырады |
Мысалы: Сауат ашу
пәні бойынша тапсырма үлгісі
Бөлім |
Тыңдалым және айтылым |
Бөлімше |
1.1 «Тыңдалған материалдың мазмұнын түсіну» |
Оқу мақсаты |
1.1.1.1 Тыңдау барысында тілдік бірліктерді (сөйлеу, сөз, сөйлем, мәтін) ажырату, тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсіну. |
Ойлау дағдыларының деңгейі |
Білу және түсіну |
Бағалау критерийі |
-Сөз, сөйлем, мәтінді ажыратады. -Сөйлеу барысында тілдік бірліктерді орынды қолданады. -Тыңдалған мәтіннің мазмұнын айтады.
|
1-тапсырма.
2-тапсырма.
|
Жұмбақтарды мұқият тыңдаңыз. Аяғы бар, жүрмейді, Аузы бар, күлмейді. Айнымайды бөпемнен, Тек сөйлеуді білмейді. Бұл не? Шешуі: ( ) Ұшып-қонып тынбайды, Қанша ұрсаң да сынбайды. Суға салсаң батпайды, Түскен жерде жатпайды. Бұл не? Шешуі: ( ) Үрлесең жеп-жеңіл, Елпілдеп кетеді. Ұшырсаң көк теңбіл, Бұлтқа да жетеді. Бұл не? Шешуі: ( ) -Жұмбақтың шешуін қандай сөздер/сөйлемдер арқылы табуға болады? Түсіндіру
|
Бағалау критерийі |
Дескриптор |
Білім алушы: | |
|
-- жұмбақтардың шешуін табады; - жұмбақтың шешуін табуға қатысты сөздер мен сөйлемдерді атайды; - жұмбақтардың шешуін қатыстырып, сөйлем құрастырады |
Жиынтық бағалау оқу
бағдарламасынның бөлімдерін (ортақ тақырыптарын және белгілі бір оқу кезеңін
(тоқсан, оқу жылы, орта білім деңгейі) аяқтаған оқушының үлгерімі туралы
ақпарат алу мақсатында балл және баға қою арқылы өткізіледі. Қалыптастырушы
бағалау және жиынтық бағалау барлық пәндер бойынша қолданылады.
Кіріктірілген білім беру бағдарламасында қазақ тілі пәнінің берілу жайы да
өзгеше. Бағдарлама оқушының төрт тілдік дағдысын: тыңдалым, айтылым, оқылым,
жазылым жетілдіруге бағытталған. Бұл төрт дағды оқу жоспарында «Шиыршық
әдісімен» орналастырылған және бір –бірімен тығыз байланысты. Яғни, жыл бойына
бірнеше рет қайталанып отырады және сынып өскен сайын тілдік мақсат та
күрделене түседі.
Қорыта айтқанда, аталмыш бағдарламаның мәні, баланың функционалды сауаттылығын
қалыптастыру. Оқушы өзінің мектеп қабырғасында алған білімін өмірінде қажетке
асыра білуі керек. Сол үшін де бұл бағдарламаның негізі «Өмірмен байланыс»
ұғымына құрылған. Үйренгеніміз де, үйренеріміз де көп. Үнді халқының тарихи
тұлғасы Махатма Гандидің «Егер сен болашақтағы өзгерісті байқағың келсе, сол
өзгерісті уақытында жаса» деген ілімін негізге ала отырып, оқушы бойындағы
қабілетті жетілдіріп, оқушыларды болашаққа жетелеп, жақсы істі бастағалы отырмыз.
Жаңартылған
білім – болашақтың кепілі.