"Ақмола облысы білім басқармасының Степногорск қаласы бойынша білім бөлімі Ақсу кентінің №1 жалпы орта білім беретін мектебі"КММ
КГУ «Общеобразовательная школа №1 п. Аксу отдела образования по г. Степногорск управления образования Акмолинской области»

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Бастауыш сынып апталығының онкүндігі. 2"А" сыныбында "Жүрек жылуы" атты сынып сағаты өткізілді. Бұл сабақтың мақсаты оқушылар жағдаяттарды өздігінен шеше отырып, әңгімелерді талқылап, өз пікірлерін ортаға салып, өз жүректеріндегі мейірімділікті сезіну, жүрек жылуын сезіне отырып, қайырымдылық, қамқорлық, жанашырлық сияқты адамгершілік құндылықтарды түсінулері үшін, бала кезден бастан олардың жүрегінде жылулықты қалыптастыру барысында ойластырылған. Сабақта оқушы өз бойына төмендегідей қасиеттерді сіңіреді. Міндеттері: • Мейірімділік, қайырымдылық туралы түсініктерін кеңейту; • Қамқорлық жасауға жетелеу; • Біреудің жанын өз жанындай түсіне білуге, өзіне жақын жандарды бағалай білуге, сүйе білуге, пейілі ақ болуға тәрбиелеу. Сабақ қызықты да тартымды өтті. Өткізген Касымова Гулнур Кенжебаевна.

19.02.2019
Просмотров: 288


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст