Ақпан айының 4-і мен 18-і аралығында №1 Ақсу орта мектебінде "Өзін - өзі тану " пәнінің онкүндік апталығы өтті.
Тақырыбы: Өзін -өзі тану махаббат пен шығармашылық педагогикасы.
Мақсаты:
- Махаббат пен шығармашылық аясында оқушыларға махаббат, бақыттың құндылық ретіндегі мағынасы және мейірімді адами қасиеті мен өзара көмек әрекеттері туралы түсінік беріп, қамқорлық жасау, көмек көрсету дағдыларын дамыта отыра, рухани адамгершілік қағидаларын өз бақыты үшін дұрыс қолдана білуге, өмірді бағалай білуге тәрбиелеу.
- оқушыларды өз болашағы бағытын айқындап, мақсат қоя білуге үйрету;
- оқушылардың өзін-өзі тәрбиелеу, өзін-өзі жетілдіру арқылы болашаққа құштарлығын дамыту;
Тәрбиелік мәні: Адам бойындағы адамгершілік қасиеттерін дамыту, өз-өзіне деген сенімін арттыру, адами қарым-қатынастарын қалыптастыру.
Апталық барысында әр түрлі тақырыптарға ашық сабақтар, дөңгелек үстел, тәрбие сағаттары өткізілді. "Жомарттық және кеңпейілділік" сынып сағаты. Өткізген Упенова Ғайныл Хусайынқызы. 3-сынып. На тему "Доброта" был проведен урок в 3 Б классе. Проводила: Кокаева Карашаш Балтановна. 7 "А сыныбында""Өзін - өзі тану- өмірді тану" атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Өткізген: Турмагамбетова Асем Бахытжановна.